Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының диқандары биыл 6137 гектар жерге күріш екті. Қазіргі таңда күріштікті суға бастыру жұмыстары аяқталуға жақын қалды.

Аудан басшысы «Сыр маржаны» ЖШС, «Рза – Агро» ЖШС, «Ақмаржан» шаруа қожалығы, «Агро – Өркен» ЖШС, «Алшын» ЖШС, «Мерей» шаруа қожалығы, «Жанкент – Агро» ЖШС-ның егістік алқаптарын аралап, шаруалармен тілдесті.

Егістік басында шаруашылықтың басшылары аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа күріш егу барысымен таныстырып, Сырдария өзеніндегі су мәселесі алаңдататынын жеткізді.

Облыстық мәслихат депутаты, «Сыр маржаны» ЖШС директоры Мнажадин Өтеев әлі де су тапшылығы орын алып отырғанын айтып, өзінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев алдағы уақытта да аудан көлемінде атқарылып жатқан көктемгі дала жұмыстары мен күріштік алқаптарын суару жұмыстары күн тәртібінен түспей, бақылауда болатынын жеткізді.

Сондай-ай, орын алып отырған қиындықтардың алдын алу үшін тиісті сала басшыларына шұғыл шешімдер қабылдап, қатаң бақылауда ұстау жөнінде арнайы тапсырма берді.

Тағы да оқыңыз: