Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылындағы су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жұмыстарына қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу қорытындысымен «Корпорация Әлем Құрылыс» ЖШС-мен келісім-шарт жасалған. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары басталып, су мұнарасы, резервуар демонтаж жүргізілген және 1-ші көтерме насос станциясына жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдықтар ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары  жүріп жатқанына қуанып жатыр. Басталған жұмыстар толық аяқталған соң қысы жазы үздіксіз су болады, электр жарығы өшіп қалса да су қоймасындағы жиналған су халыққа беріле береді.

«Су өмір нәрі деген сөз рас айтылған ғой. Бір сәт үйімізде су ақпай қалса тіршілік тоқтап қалғандай боламыз. Бұл бізге, шалғай ауылға аудан басшылығы тарапынан жасалып жатырған үлкен қамқорлық деп білеміз. Басшылыққа үлкен алғысымызды айтамыз. Мердігер компания да уақытпен санаспай жұмыс істеп жатыр, оларға да алғысымыз шексіз. Осы жұмыстарын аяғына дейін жеткізіп, ауыз судың тұрақты болуы үшін тиісті мекемелердің дұрыс жұмыс жасауын ел болып тілеп отырмыз», — деді Т.Көмекбаев ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақтапберген Қосбаев.

Сонымен қатар ауданға қарасты Алдашбай Ахун ауылындағы су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жұмыстарына қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу қорытындысымен «Асанас-Дар» ЖШС-мен келісім-шарт жасалған. Құрылыс жұмыстары басталып кетті. Ал, Қармақшы ауылындағы су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жұмысының құрылысын «Теплоэнергострой» ЖШС жүргізіп жатыр.

«Қармақшы ауданына қарасты ауылдардан бөлек орналасқан Қармақшы ауылына биылғы жылға жақсы жаңалық ауыл тұрғындары ауыз су резервуары салынатынына қуанышты. Орталықта жиырма бес метр кубтық ауыз су башнясын пайдаланып келген тұрғындар алдағы уақытта бас жүз метр куб болатын ауыз су резервуарын және елу метр куб болатын жаңа башня салынатын болып қазіргі таңда жұмысы басталып кетті. Тұрғындар үйлеріне заман талабына сәйкес орнатқан су ысыту құрылғыларын күндіз-түні пайдаланса, таза сумен жеткілікті қамтылып тұратындығы. Жаз мезгілінде кейде ауыз суды көп пайдаланатын уақытта су жетпей қалатын. Жыл көлемінде ауыз су тұрақты берілуіне тұрғындардың тілегін жеткізген аудан әкімдігіне, облыс басшылығына ел тұрғындары атынан алғысымызды білдіреміз», — дейді Қармақшы ауылы ардагерлер кеңесінің мүшесі Қ.Айтымбетов.

Тағы да оқыңыз: