Kyzylorda-news.kz. Ел Президентінің биылғы Жолдауында бизнес жобаларды жеңілдікпен несиелендірудің мемлекеттік бағдарламалары туралы айтылды. Солардың арасында бірегейі – 2019 жылдан бастап іске аса бастаған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы. Ол өзінің тиімділігін көрсетті.

Оны жүзеге асыру барысында Қызылорда облысында 10 млрд.теңге құрайтын 121 жоба іске қосылды. Осы жобалардың шеңберінде 589 жұмыс орны ашылды. Бұл бағдарлама биыл аяқталу керек болатын. Енді міне Жолдауда тағы қозғалып, ол бір жылға созылды. Қуантарлық жағдай, өйткені әлі де 9 млрд.теңге тұратын 49 жоба қаралуда дейді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Сонымен қатар, облыста «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы іске қосылған 2010 жылдан бері Қызылорда облысында 105 млрд.теңге құрайтын 2699 жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Биылдың өзінде 1094 жобаны қаржыландыру үшін 14,5 млрд.теңгеге жеңілдетілген несие берілді.

Ғалымбек Жақсылықұлының айтуынша, банктердің агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды қаржыландыруға ынтасы төмен. Бұған қоса, банктер ауылдардағы үй-жайларды кепіл мүлік ретінде қарастырмайды. Осыған орай, Ел Президенті банктер шағын жобаларға, әсіресе ауылға арнап ақша салмайтынын қадап айтып, микроқаржы ұйымдарының әлеуетін іске қосу керектігін тапсырды.

Баса айту керек, биыл «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық әкімдік «Atameken Qyzylorda» микроқаржылық ұйымын құрды. Бұл қаржы ұйымы «Бастау Бизнес» бағдарламасының түлектерін несиелендіреді. Биылға 1 млрд.теңге қаржы қарастырылуда, оған 238 жоба несиелендіріледі деп жоспарлануда. Қазірдің өзінде кәсіпкерлердің 80

Тағы да оқыңыз: