Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында көктемгі егін науқанына дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында ауыл шаруашылығының мамандары бас қосты.

Жиынға Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысы Шахмардан Қойшыбаев, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов, ҚР су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Сейілбек Нұрымбетов, «ҚазСушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалының директоры Хамит Биімбетов, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Оразбек Қарақожаев жұмыс сапарымен барды. Ең әуелі «Қарағанды Агроинвест-Т» ЖШС-не берілген жер телімдерінен басталды.

Содан соң, Күзенбай Шераханұлы жетекшілік жасайтын ЖК «Дидар» мал шаруашылығында болып, ондағы шаруашылықтың жұмысымен танысты.

Мемлекет тарапынан ауылшаруашылығын қолдауға арналған «Сыбаға» бағдарламасы аясында несие алып, етті бағыттағы мүйізді ірі қара малын өсірумен айналысады. Жыл сайын мал басын көбейтуге жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті малдың тұқымын ет бағытында асылдандыру арқылы мүйізді ірі қараның ет өнімділігін арттырып, еттің өзіндік құнын арзандатуға үлесін қосуда.

Мұнан соң сала мамандары Шиелі аудан әкімдігінің мәжіліс залында көктемгі егінге дайындық барысын талқылады.

Жиында көктемгі егіс жұмыстары кезінде су тапшылығының алдын алу үшін жұмыстар атқару керегін атап өтті.
Сондай-ақ, алдағы бағыттар талқыланып, көкөніс бақша егу, өткізу маселелері пысықталды.

Тағы да оқыңыз: