Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр қаласындағы жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұлдызды қалашықтағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын бақылап көрді.

Өткен жылы “Нұрлы жер” бағдарламасы шеңберінде қолға алынған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15 372,6 шаршы метрді құрайды.

Құрылыс барысын саралаған аймақ басшысы мердігер компанияға пәтерлерді уақытында тапсырып, жұмысты сапалы орындау керектігін қаперге салды.

Айта кетейік, Байқоңырда 2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 пәтерлі 5 тұрғын үйлер пайдалануға берілген.

Тағы да оқыңыз: