Kyzylorda-news.kz Бүгін аудан әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын талқылауға арналған актив отырысы өтті.

“Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы жарияланып, экономикамыздың алдағы даму стратегиясын айқындап берді. Жолдауда айтылған барлық бағыттар бойынша ауданда нақты шаралар қабылданып, іске асырылатын болады. Бұл үшін бізде тиісті алғышарттар бар”, – деді аудан әкімі Асылбек Өмірбекұлы өз сөзінде.

Актив отырысында өңірлік деңгейде аудан экономикасының бюджетін жоспарлау жөнінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жұпар Баймаханова, ауданның аграрлық әлеуеті және Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындаудағы жүйелі жұмыстар туралы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Қалниязов, ауданда «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының орындалуы, Жолдаудағы кәсіпкерлік саласына қатысты туындайтын міндеттер туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ғабит Ербол баяндады.

Аудан әкімі Асылбек Шаменов тиісті сала орынбасарларына, бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар беріп, Жолдауда берілген басым бағыттарды орындауға жұмыла кірісіп, сапалы жұмыс істеуге шақырды.

Тағы да оқыңыз: