Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен өткен кеңесте Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеумбетов 13,5 млрд.теңгені құрайтын 148 жобаны таныстырды. Оның 139-ның жоба-сметалық құжаттары дайын. Қалған 11-і жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуді қажет етеді.

Кеңесте Жаңақорған ауданындағы құрылыс нысандары таныстырылып, керекті қаржы көлемі айтылды. Атап айтқанда, білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау мекемелері, мәдени нысандар және спорттық орталықтардың құрылыс жұмыстары талқыланды. Соның ішінде елді мекендерді және әлеуметтік нысандарды жылу жүйесімен қамтамасыз ету жобалары бірден қолдау тапты. Дегенмен, бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы қосымша қаралатын болады. Кейбір жөндеуді қажет ететін ғимараттардың жұмыстары кейінге шегерілді.

Айта кету керек, кеңестің алдағы отырысында Қызылорда қаласындағы құрылыс-нысандарының жобалары қаралады.

Тағы да оқыңыз: