Kyzylorda-news.kz.  “Спутник V” вакцинасын салдырғаннан кейін коронавирусқа қарсы иммунитет екі жыл сақталады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді.

1 ақпанда қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы ресейлік “Спутник V” вакцинасы егіле бастады.

“Күні кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі – Lancet (Ұлыбритания) SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаның тиімділігі 91,6%-ті құрағанын хабарлады. Бұған қоса, “Спутник” вакцинасын алғаннан кейін иммунитет кем дегенде екі жыл сақталатыны дәлелденді. Вакцина коронавирустың жаңа “британдық” және “оңтүстікафрикалық” штаммдарына да тойтарыс бере алады”, – деді Қиясов онлайн брифингте.

Ол вакциналау кезең-кезеңмен жүргізілетінін атап өтті.

Ең алдымен, медицина қызметкерлері, кейін педагогтер, күш құрылымдарының қызметкерлері егіледі.

Sputnik Қазақстан

Тағы да оқыңыз: