Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов онлайн баспасөз маслихаты барысында елімізде мемлекет трапынан ЭКО-ны кімдер тегін жасата алатыны туралы айтып берді.

Қазіргі таңда елімізде бедеулік бойынша есепте тұрған тоғыз мыңнан артық келіншек бар. Олардың кез келгені жасанды жолмен ұрықтандыруға өтініш беріп, бағдарлама аясында көмек ала алады. 

“Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше,  елімізде 9467 әйел бедеулік диагнозымен есепте тұр. Келесі жылы іске қосылатын “Аңсаған сәби” бағдарламасына жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы бала сүйгісі келетін кез келген жұп қатыса алады”, – деп түсіндірді Бағдат Қожахметов. 

Ол бұл бағдарлама аясында бір отбасы жылына бір рет тегін ЭКО жасата алатынын атты. Сонымен қатар бұл жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен қанша қаражат бөлінгенін жеткізді. 

“Еліміздегі емнің тиімділігін дүниеге келген бала санымен бағалайтын болсақ, ол 30 пайызды құрайды. Бұл Еуропадағы ең жақсы клиникалардағы нәтижелермен бірдей екен. Науқас жылына бір рет ЭКО жасай алады. ӘМСҚ биыл 1105 ЭКО-ға 943 миллион теңге қарастырған. Осы сумманы жетіге көбейтетін боламыз. Қазақстанда 26 ЭКО орталығы жұмыс жасайды оның 21 жеке меншік”, – дейді министрліктің ресми өкілі.  

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ЭКО жасау үшін берілетін квоталар санын өсіру керек екенін айтты. Осылайша еліміздегі көпетеген отбасылар балалы болып, халық санын өсіруге жұмыс жасамақ. 

Stan.kz

Тағы да оқыңыз: