Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс акімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай елдің деңсаулық саласын дамытуға үлес қосқан бірқатар медицина қызметкерлерін марапаттады.

Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – ел саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде халыққа заманға сай қолжетімді әрі сапалы медицналық қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Бұл даму үдерісінде дәрігерлердің үлесі орасан зор.

Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов аурухана қызметкерлеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “ҚР Конституциясына 25 жыл” мерекелік медальдарын табыстады.

Тағы да оқыңыз: