Kyzylorda-news.kz. Бүгінде дәрілік заттарға тапшылықты болдырмау мақсатында екі айлық қор жинақталды. Яғни, бес миллион дана дәрілік заттар бар. Аймақтың 319 дәріханасында сатылады. Оның 168-і облыс орталығында орналасқан.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрбек Әділханов мәлімдеді.

“Аймақта дәрі-дәрмектің қоры жеткілікті және мониторинг жүргізіп отырмыз. Сондай-ақ, шекті бағадан асып сатылған дәрілік заттардың 72 атауы анықталды. Бұған қоса, өткен жылы шекті бағадан асып сату дерегі бойынша 33 әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Сонымен қатар, 448 атаудағы дәрілік заттар мен 36 медициналық бұйымдар тәркіленді”, – деді Нұрбек Уалиханұлы.

Тағы да оқыңыз: