Қазақстанда туберкулезбен күрес айлығы басталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазақстанда туберкулезбен күрес айлығы басталды

24.02.2020, 18:00

74 0

Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық 24 наурызға дейін жалғасады. Бұл туралы Ұлттық фтизопульмонология орталығының директоры Мәлік Әденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемдік деңгейде аталып өтетін айлықтың маңызы зор. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнінің ұраны – «Туберкулезге қарсы күресте сенің де өз үлесіңді қосатын уақытың келді».

«Осы акцияның аясында емханаларда ашық есік күні өтеді. Әр азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша соған барып, тексеріле алады. Оның барлығы тегін. 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. Осының аясында туберкулез ауруының алдын алу және басқа да мәселелер бойынша мәліметтер беріп отырамыз», – дейді ол.

Айлық аясында фтизиатр, фтизиопедиатрлардың тегін кеңестері, тұрғындарды флюорографиялық тексерістен өткізу сияқты ауқымды акциялар жоспарланған.

0

Пікір қалдыру