Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда “омикрон” штамына байланысты эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия “қызыл” аймақтағы өңірлерде вирустың таралуын азайту үшін қосымша шаралар енгізеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 41%-ке артты. Эпидемиологиялық жағдай “омикрон” штамының анықталуына байланысты нашарлаған.

“Эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты “қызыл” аймақтағы өңірлерде ұжымдарды тарату және инфекцияның таралуын азайту бойынша қосымша профилактика шаралары Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қаралады”, – деді Ғиният үкімет отырысында.

Министрлік мәліметінше, қазір “қызыл” аймақта Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары мен Атырау облысы тұр.

“Сары” аймақта 6 өңір – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстары орналасқан. Қалған жеті өңір “жасыл” аймақта.
Республиканың өзі “қызыл” аймаққа кірді.

Тағы да оқыңыз: