«Өкпемде шыны сынықтары бар сияқты»: коронавирус жұқтырған әйел жанайқайын жеткізді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

«Өкпемде шыны сынықтары бар сияқты»: коронавирус жұқтырған әйел жанайқайын жеткізді

25.03.2020, 12:30

151 0

Kyzylorda-news.kz. Коронавирус жұқтырған Ұлыбритания тұрғыны Тара Джейн Лэнгстон Facebook желісі арқылы жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

39 жастағы Лэнгстон 13 наурызда ауруханаға жатқызылған. Интенсивті терапия бөліміндегі науқас қалай ауырғанын айтып, видео түсіріп, желіге жариялады.

«Маған қараңыздаршы, мен жансақтау бөлімінде жатырмын. Түтікшесіз демала алмаймын. Маған катетерлар қосылған. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Егер сіз темекі шексеңіз, бұл әдетіңізді қазір тастаңыз. Себебі, сізге өкпе керек. Өтініп сұраймын, сақтық шараларын барынша қолға алыңыз. Бұл – ащы шындық. Сіз менің орнымда болуыңыз мүмкін», – дейді ол.

Сондай-ақ, Тара Джейн Лэнгстон басылымға берген сұқбатында әрең демалатынын айтқан.

«Өкпемде шыны сынықтары бар сияқты. Түсіндіру қиын. Әрбір дем үшін күресуге тура келеді. Бұл – өте қорқынышты. Өмірімде қайта басымнан мұны өткізгім келмейді», – дейді ұлыбританиялық әйел.

Айтпақшы, келіншек ауруханаға жатпас бұрын өзін әлсіз сезінгенін жеткізді. Науқастың айтуынша, алдымен дәрігерлер оның өкпесінде инфекция болуы мүмкін екенін айтқан. Мамандар оған антибиотиктер, ибупрофен мен парацетамол ішуге кеңес беріпті.

«Мен күніне ибупрофеннің 8 таблеткасын іштім. Енді дәрігерлер осы дәрі ауруды асқындырып жібергенін айтуда», – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 72 адамға жетті.

0

Пікір қалдыру