Kyzylorda-news.kz.

Менингококк инфекциясы – бактериялармен қоздырылатын жіті инфекциялық ауруы, түрлі клиникалық көріністерімен – симптомсыз тасымалдау, назофарингит (мұрын және жұтқыншақ қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қан зақымдануы) өтеді. Ауру адамдар мен сау тасымалдаушылар инфекция көзі болып табылады, яғни клиникалық көріністері жоқ, бірақ олар менингококк тасымалдаушылары болады.

Менингококк инфекциясы аурушаңдық кезеңімен сипатталады – қыста және ерте көктемде аурушаңдық жоғары.

Инфекцияның берілу жолы: ауалы-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде). Инфекция қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микроб дені сау адамның ағзасына науқас немесе тасымалдаушымен ұзақ және тығыз қарым-қатынаста болғанда жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығы арқылы енеді. Жұқтырып алған кезден бастап аурудың басталуына дейін бір күннен он күнге дейін өтеді. Науқас алғашқы күнінен бастап айналадағыларға жұқтырады.

Менингиттің басталуы: күтпеген жерден катты бас ауыруы пайда болып, құсу, 6-15 сағаттан кейін дене бөртіп, температурасы 39-40°С жетеді, қалтырау. Тері бозғылт. Жалпы әлсіздік байқалады, арқа және аяқ-қол ауырады. Науқастар шөлдейді, тәбеті төмендейді. Бұл ауру жеңіл өтуі мүмкіндігін атап өту қажет, сондықтан тұмау, ангина, тонзиллиты және т. б. ауруларды еліктіреді. Ағзаның қорғаныс күшінің әлсіреуі туындаған кезде қатты тоңу, шаршау, қажу қолайлы жағдайда пайда болады менингококк мидың қабатына еніп, қабынуды қоздырады.

Профилактика:

– Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде катаралдық құбылыстармен (тамақ қызарып, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) дәрігерге көріну қажет, оның барлық ұсыныстарын орындаңыз;

– Түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға, жүзу бассейндері, сауда-ойын-сауық орталықтарында ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет.

– Ғимараттарды жиі желдетіп, ұйымдасқан ұжымдарда ылғалды жинау жүргізу.

– Созылмалы инфекция ошақтарының санация жүргізу маңызды, балалар жасында бұл жиі ЛОР-органдарына қатысты, сондықтан балаларды оториноларингологтарға тұрақты апару тиіс және мүмкіндігінше алдын-алу мақсатында.

– Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу қажет.

– Тоңу, ашығу, ұйқысыз, стресс және т. б. аулақ болу.

– Ауруды әрқашан емдегеннен алдын алған жеңіл екендігін есте сақтау қажет.

Мақпал ҚАСБАЕВА,

Қармақшы аудандық Ұлттық сараптама орталығының бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы

Тағы да оқыңыз: