Kyzylorda-news.kz. Маймыл шешегі (monkeypoxes, MPXV) – сирек кездесетін жұқпалы ауру. Оғаг тән белгілер: қызба, жалпы интоксикация, бөртпе, везикулалар, папула.

Маймыл шешек вирусы – ДНҚ вирусы 1980 жылы бүкіл әлемде жойылған шешекке жақын.
Таралу аймағы: Батыс Африка елдері (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ‘ Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан).

Африкадағы сырқаттану саны тез өсуде, 2016 жылдан бастап ДДҰ-ның ресми деректері бойынша, ауру 20 есе өсті.

ДДҰ – ның алдын ала деректері бойынша, 2022 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша әлемнің 66 елінде 5135 жағдай тіркелген (Ұлыбритания – 1076, Испания – 801, Германия – 874, Франция – 441, Португалия – 391, Канада – 283, Нидерланды – 257, АҚШ – 351, Италия – 160, Бельгия-117, Швейцария – 81 және т. б.)

Қазақстанда бүгінде маймылдардың шешек ауруына күдікті бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.

Тағы да оқыңыз: