Kyzylorda-news.kz. Медициналық сақтандыру, пациенттердің құқықтары, COVID-19 белгілері мәселелері бойынша өтініштер тәулік бойы Qoldau-24/7 мобильді қосымшасында қабылданады. Кері байланыстың бұл түрі, әсіресе қазіргі карантин кезіңінде, сұранысқа ие. Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі. Содан кейін өтініш берушіге қосымшада оның аккаунтында жауап беріледі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

Филиал директорының айтуынша, Қордың Qoldau-24/7 мобильдік қосымшасы азаматтардың өтініштерін өңдеудің үш деңгейлі жүйесін қамтамасыз етудің кері байланыс арналарының бірі болып табылады. Бірінші желіде – «1406 бірыңғай байланыс орталығы», онда халықтың МӘМС мәселелері бойынша консультациясы, азаматтардың өтініштерін қабылдау, шағымдар мен оқиғаларды тіркеу жүзеге асырылады. Екінші – Қордың заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі департаменті, оның лауазымына регламенттік мерзімде өтініштерді өңдеуді бақылау, медициналық ұйымдардың жауаптарының сапасын бақылау кіреді. Үшінші желіде – оқиғалардың, шағымның себептерін қарауды және жоюды, өтініш берушінің өтінішіне жауап дайындауды жүргізетін медициналық ұйымдар.  Өз сұрақтарыңызды 1406 операторларына «Telegram» – «QoldauINFO» мобильді қосымшалар арқылы да жолдауңызға болады.

1406 байланыс орталығының операторлары халыққа денсаулығын нығайту және өзінің ағзасын қорғау, күдікті симптомдар байқалғанда әрекеттер жасау бойынша кеңес беру дайндығынан өтті.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын Android смартфондары үшін  Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін  App Store арқылы жүктеп алуға болады.

Тағы да оқыңыз: