Kyzylorda-news.kz. Жапондық дәрігерлер тазалыққа арналған антиспектиктердің коронавирустан қорғайтын күшті құрал еместігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазіргі кезде жұқпалы індеттің таралуына байланысты аталған дезинфекциялаушы құралдар жаппай сатылып жүр екен. Десек те мамандар қолдарға арналған антисептиктерді шамадан тыс қолдану денсаулыққа кері әсерін тигізетіндігін айтты. 

Мұның себебі тазалаушы құралдардың құрамында спирттің көп мөлшері болғандықтан деп түсіндірді жапондық сарапшылар. Антисептиктер терінің қорғаныштық қызметінен зиян келтіреді, соның салдарынан ағзаның вирусқа тап болуы екі есе жоғарылайды. 

Сондай-ақ мамандар сабынмен қолды 30 секундтан көп уақыт жумауға кеңес берді. Бұған қоса қолды жуғаннан кейін оны мұқият сүртіп, кептірген жөн. Себебі ылғалды тері жұқпалы вирустарды жұқтыруға бейім келетіні айтылыпты.

Тағы да оқыңыз: