Дәрігерлер коронавирустан қалай қорғану керектігін айтты – Kyzylorda News
Басты бет

Дәрігерлер коронавирустан қалай қорғану керектігін айтты

22.03.2020, 16:00

716 0

Kyzylorda-news.kz. Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Александр Карабиненконың айтуынша, екпе инфекцияға, соның ішінде COVID-19-ға шалдығу қаупін төмендетеді.

Бұдан бөлек, тұмауға қарсы екпе адамның табиғи иммундық қорғанысын жақсартуға көмектеседі.

Дәрігер екпені бірінші кезекте, суық тию ауруларына жиі шалдығатындарға салдыру керектігін жеткізді.

Сондай-ақ маман иммунитеті жақсы адамдардың вирусқа шалдығу қаупі төмен екенін атап өтті.

Карабиненко иммунитетті күшейту үшін дұрыс тамақтанып, фаст-фудтан бас тартуға кеңес берді.

Дәрігер-терапевт Людмила Лапаның айтуынша, иммунды жүйені қатайту үшін лактобактериялар мен ферменттерді тұтыну қажет.

Ал вирус пен бактериялардың ағзаға түспеуі үшін мұрынға оксолин майы мен зәйтүн майын жағуға болады.