COVID-19: Бүгін жаңадан 7 жағдай тіркелді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

COVID-19: Бүгін жаңадан 7 жағдай тіркелді

22.05.2020, 10:00

541 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 279-ға жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 219. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Жаңадан 7 дерек тіркелді. Оның төртеуі- коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған. Ал үшеуі – көпбейінді қалалық аурухананың фильтр кабинетінен анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін алуда», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған – 3695 азамат анықталды. Оның ішінде, 2051-і жақын қарым-қатынаста, 1644-і жанама байланыста болған.

Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

0

Пікір қалдыру