Kyzylorda-news.kz. Әлемде сырқаттанушылықтың өсуін және «Омикрон» штаммы нұсқасының кең таралуын ескере отырып, халықты вакцинациялау қарқынын арттыру және КВИ бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау қажет, деп атап өтті бүгін Үкімет отырысында министрдің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев.

Инфекцияны таратпау мақсатында сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне; спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға; караоке; бассейндер; сауналар, моншалар; банктер; «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, ХҚКО-ларға тек «ASHYQ» қосымшасы бойынша жасыл мәртебесі бар тұлғаларға кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша алдын алу шараларын күшейту ұсынылады.

Бұл норманы 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап енгізу ұсынылады.

Тағы да оқыңыз: