Kyzylorda-news.kz. Диетологтар таңғы асқа жоғары талшықты көкөністер мен жемістерге қосып кем дегенде 20 грамм ақуыз тұтыну керек деп кеңес береді. Егер сіз күнде омлет жегеннен жалыққан болсаңыз, біз ақуызға бай 17 түрлі таңғы ас рецептісін ұсынамыз. 

СҮЗБЕ

Сүзбе парфесі

1стақан майсыз сүзбеге 2 ас қасық үгітілген бадам мен пістені қосып араластырыңыз. Мұндай жаңғақ түрлері нәрлі майға бай. Таңғы асты өзіңізге ұнайтын жемістермен әрлеп, даршынмен дәмдеңіз.

Жерорта теңізі таңғы асы

Туралған қияр мен қызанақты 1 стақан майсыз сүзбемен бірге араластырыңыз. Кептірілген жебіршөп, жұпаргүл немесе розмарин қосып дәмдесеңіз болады.

Күздік таңғы ас

Табаға 1/2 кесе ұсақ туралған асқабақты салып, бір ас қасық зәйтүн майын құйыңыз да, үстіне даршын себіңіз. 200 градуста 25-30 минут бойы пісіріңіз. Дастарханға сүзбемен бірге ұсыныңыз болады.

Сүзбе құймақтары

Ыдысқа 1/2 кесе ұн, 1/4 шай қасық қопсытқыш, 1шай қасық сода, 1/2 кесе сүзбе, 1/4 кесе сүт, 2 жұмыртқаның ағы, 1ас қасық қант және шымшым тұз қосып араластырасыз да, табаға май құймай-ақ пісіресіз.

Massaget

Тағы да оқыңыз: