Коронавирустың алдын алу бойынша қандай шаралар бар? – Kyzylorda News
Басты бет

Коронавирустың алдын алу бойынша қандай шаралар бар?

– Өзін қорғау үшін ең маңыздысы – жеке гигиена ережелерін сақтау және қоғамдық орындарға, адам көп шоғырланатын жерлерге баруды қысқартыңыз.

– Қолыңызды таза ұстаңыз. Ол үшін сабынмен жиі жуыңыз немесе дезинфекциялау құралымен сүртіп отырыңыз.

– Ауызды, мұрынды немесе көзіңізді жуылмаған қолмен ұстамауға тырысыңыз (әдетте мұндай жанасуларды біз күніне орта есеппен алғанда сағатына 15 рет қайталауымыз мүмкін)

– Жұмыста жүргенде сіз үстеліңіздің беті мен пайдаланатын құрылғыларыңызды (компьютердің пернетақтасы, жалпы пайдаланатын оргтехника панельдері, смартфон экраны, пульттер, есік тұтқалары) жиі сүртіп, тазалап отырыңыз.

– Өзіңізбен бірге бір реттік майлықтарды алып алып жүруді ұмытпаңыз. Жөтелгенде немесе түшкіргенде әрдайым мұрныңыз мен аузыңызды жабуды әдетке айналдырыңыз.

– Барлық адам бірігіп жейтін (жаңғақ, чипсы, печенье және басқа да тағамдарды) қораптан немесе ортақ ыдыстан тамақ ішпеңіз.

– Балаларға микробтардың қалай таралатынын және неге қол мен беттің гигиенасы маңызды екенін түсіндіріңіз. Оларға коронавирустың алдын алу шаралары туралы айтып беріңіз. Бөлмені жиі желдетіңіз. Егер сіз коронавирусты тудыратын белгілерге ұқсас симптомдар анықтасаңыз, үйде қалып, дәрігерді шақырыңыз.