Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов айтуынша өткен тәулікте 15 жағдай тіркелген.

Коронавирус індет тіркелгелі бері Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын 18866 науқас жұқтырған. Емделіп шыққаны 18059 адам.

«Облыс бойынша инфекциялық стационарда – 180 науқас, реанимациялық төсек-орында 20 науқас ем қабылдап жатыр. Вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны – 368 900, халықтың қамтылуы 81,5 пайызды құрады. Екінші компонентпен – 296 727 (65,6 пайыз)», – дейді Жангелді Шаймбетов.

Тағы да оқыңыз: