Kyzylorda-news.kz. Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыста мәлім болғанындай, COVID-19-бен сырқаттанушылар саны артуда. Коронавирустың дельта штаммының өсуі барлық аймақта тіркелген.

Вирустың репродуктивтік индексі – 1,2, инфекциялық төсек орын жүктемесі – 43%, реанимациялық төсек орын – 35%.

Коронавирустың таралу қарқыны бойынша 12 өңір «қызыл аймақта» тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары аймақта» Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары, «жасыл аймақта» – Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары тұр. Бүгінгі таңда 4,6 млн-нан астам адам немесе вакцина алуға жататын адамдардың 46,5%-ы бірінші компонентті, 2,5 млн-нан астам адам екінші компонентті алды. Халықты вакцинамен қамтудың ең төмен көрсеткіші Маңғыстау облысында – 23,6%, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 39%-дан байқалады.

Тағы да оқыңыз: