Қазақстанда «Спутник лайт» вакцинасы шығарылады – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстанда «Спутник лайт» вакцинасы шығарылады

19.07.2021, 16:16

312 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Спутник лайт» вакцинасын жеткізу және өндіру мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл туралы ол елдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Келесі мәселе вакцина дайындайтын көшбасшы кәсіпорындар ұсынған препараттар түрін кеңейту қажеттілігіне байланысты. Отандық фармацевтикалық алаңдарда ресейлік жаңа «Спутник лайт» вакцинасын жеткізу және шығару туралы мәселені пысықтау керек», – деді Тоқаев.

0

Пікір қалдыру