Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың қорытындысы бойынша COVID-19 және вирустық пневмониямен күреспен айналысатын аймақтың 15 536 медицина қызметкеріне қаржылық қолдау көрсетілді. Өткен жылда бұл мақсаттарға       3 млрд. теңгеден астам сомма бағытталды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

           2020 жылдың наурыз айынан 2021 жылдың наурыз айына дейін ынталандыру төлемдері бөлінді:

           наурызда – 476 медицина қызметкеріне 63 291,2 мың теңге сомасында;

           сәуірде – 1 921 медицина қызметкері, 319 305,9 мың теңге;

           мамырда – 1 784 медицина қызметкері, 317 273,2 мың теңге;

           маусымда – 1 906 медицина қызметкері, 419 430,9 мың теңге;

           шілдеде – 3 452 медицина қызметкері, 947 557,1 мың теңге;

           тамызда – 2 453 медицина қызметкері, 407 345,1 мың теңге;

           қыркуйекте – 839 медицина қызметкері, 96 410,1 мың теңге;

           қазанда – 896 медицина қызметкері, 124 207,2 мың теңге;

           қарашада – 825 медицина қызметкері, 138 734,5 мың теңге;

           желтоқсанда – 984 медицина қызметкері, 169 430,7 мың теңге;

           2021 жылғы қаңтар айында – 1 062 медицина қызметкеріне 152 767,9 мың теңге;          

           ақпанда – 1 287 медицина қызметкеріне 169 840,6 мың теңге сомасында;

           наурыз айында – 1 185 медицина қызметкеріне 201 892,3 мың теңге сомасында:

Естеріңізге сала кетейік, көтермелеу сомасы еңбек жағдайларының қауіптілік дәрежесіне байланысты және сәйкесінше 20, 10 және 5 ЕТЖ құрайды.

Тағы да оқыңыз: