Kyzylorda-news.kz. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 15 қарашадан бастап Нұр-Сұлтан қаласының сауда ойын-сауық орталықтарына “жасыл” статусы бар азаматтар ғана кіреді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз “жасыл” статусы болған жағдайда сауда орталықтары жұмыс және демалыс күндері тұрақты режимде жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар, соңғы үш ай ішінде коронавируспен ауырып шыққан, сынама алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижелі ПТР-анықтамасы бар адамдарға сауда орталықтарына кіруге рұқсат етіледі.

Қала әкімдігінің ақпаратынша, үй карантинін бұзатындардың көбі сауда орталықтарында тіркеледі.

“Елордада тұрақты эпидемиологиялық ахуалды сақтау және мереке күндері қарсаңында халық арасында COVID-19-дың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында осындай шешім қабылданды”, – деп түсіндірді әкімдік.

Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық дәрігерінің қаулысы бүгін, 15 қарашада күшіне енді.

Тағы да оқыңыз: