Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысында «Ashyq» жүйесі үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 1150 азаматты анықтады.

Облыс тұрғындары арасында коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында белгіленген карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жалғасуда. Айталық 741 адам «қызыл», 409 тұлға «сары» статуста. Оқшаулау режимін бұзушы «қызыл» статустағы азаматтарға қатысты 246 әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар 10 млн-нан астам айыппұл салынған.

Анықталған «сары» мәртебесіндегі 246 тұлғаға санитариялық-індетке қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы ұсынылып отыр.

Тағы да оқыңыз: