Kyzylorda-news.kz.  Бүгін Жалағаш кентіндегі З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектеп базасында орналасқан №869 Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығында 232 мектеп бітіруші тест тапсыруда.

Биыл Жалағаш ауданы бойынша мектеп бітіруші түлектер саны – 271.

Ауданда тестілеу 26-27 маусым күндеріне өткізу белгіленген.  Бүгін 104 түлек өз бақтарын сынап,  тестке қатысуда.

Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін пункте медициналық-санитарлық нормаларға сәйкес барлық тестіленушілер арақашықтықты сақтап, дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтті.

Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Тағы да оқыңыз: