Ұлттық мектеп лигасы Сыр елінен бастау алды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Ұлттық мектеп лигасы Сыр елінен бастау алды

05.04.2021, 17:57

1083 0

Kyzylorda-news.kz.  Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен Ұлттық мектеп лигасы өткізілді.

Алғашқы сайыс – гандболдан «Ұшқыр доп» жарысы Сыр өңірінде бастау алды. Сайыста Алматы мен Шымкент қалалары, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстарының оқушылары өзара бақ сынасты.

Лига жарысында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова сөз сөйлеп, доданың жастар үшін маңызды екенін атап өтті.

«Жасампаз жастардың басын қосқан Лиганың алғашқы сайысының Сыр өңірінен бастау алуы біз үшін үлкен құрмет!
Спорттың 10 түрінен өткізілетін бұл жарыс оқушылар арасында қарым-қатынасты одан әрі бамытып, белсенді спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді деп санаймыз.
Жарыс барысында мықтылар анықталып, барлық жарысқа қатысушы спортшылар дүбірлі додада жеңіске деген ұмтылыс пен жігер танытады деген сенімдеміз.
Сыр жерінде бастау алған спорт додасы сіздерге еркше ұмытылмас сәттер қалдырады деп санаймын»,-деді Ақзира Қасымова.

Лига «Алтын доп» (баскетбол), «Шұбар доп» (волейбол), «Ұшқыр доп» (гандбол), «Теңбіл доп» (футзал), «Былғары доп» (футбол), «Былғары доп – Балдаурен» (футбол), Асық ату, бес асық, Президенттік тестілер, Үстел теннисі, Тоғызқұмалақ жарыстарынан тұрады.

Дүбірлі дода 4 сәуірден бастап маусымның аяғына дейін жалғасады.

0

Пікір қалдыру