Қызылордалық зияткерлер үздіктер қатарынан көрінді – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық зияткерлер үздіктер қатарынан көрінді

25.10.2021, 17:28

354 0

Kyzylorda-news.kz.  Ұлттық зияткерлік меншік институтының ұйымдастыруымен өткен республикалық эссе байқауында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Нұрсұлтан Талғатұлы мен Жібек Кучербаева жүлделі 2 және 3-орындарды иемденді.

Аталмыш байқауға еліміз бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде барлығы 81 эссе келіп түсті. Оқушылар зияткерлік меншікке қатысты пікірлерін білдіріп, өздерінің өнертабыстарымен бөлісті.

Нұрсұлтан жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетуге арналған «PsyAid» веб-қосымшасын таныстырды. Ол психолог-оқушы және психолог-ата-ана арасында онлайн диалог құрастыра отырып, оқушылардың өзіндік мәселені шешіп, басқа адамдарға көмектесуіне нәсихаттауды ықпал етеді. Сонымен қатар, бағдарлама қолданушыларға психологиялық сау және жетілген тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін жаттығулар мен кеңестерді ұсынады.

«PsyAid» қосымшасы болашақта сұраныс пен қолдауға ие болатын болса, мен өзімдік кәсіпкер құқығымды жүзеге асыратын боламын. Яғни, болашақта қосымшаны еркін түрде дамытып, пайдаланумен қатар техникалық және басқа шешімдерді қабылдау және сәйкесінше жоба құқығы сақталумен қамтаматасыз ету мақсатында патенттейтін боламын. «PsyAid» қосымшасы Қазақстандағы жасөспірімдердің менталды денсаулығын нығайтуға ықпал етеді», – дейді жас өнертапқыш.

Ал Жібектің идеясы – көлік қозғалысын реттеуге және көлік кептелістері мәселесін шешуге бағытталған. Жас зияткердің айтуынша автожолдарды сандық жүйеге айналдыру арқылы жүргізушілерді қай аумақта көлік кептелісі бар екенін, жоспарланған аумаққа жетудің ең тиімді жолын тандауға көмектеседі.

«Автокөлік қозғалысы смартфонға байланысты болады. Ол үшін көшелер компьютер-камералармен, арнайы датчиктермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл сандық технологиялар жол көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – дейді Жібек.

«Болашақ сенің қолында: ойлан тап та жасампаз бол» дәстүрлі байқауда сырбойылық зияткерлер жыл сайынғы қатысушысы. Бұл сайыста жастар шығармашылық жұмыстары арқылы зияткерлік меншік саласындағы білімдерін арттырады.

0

Пікір қалдыру