Kyzylorda-news.kz. Өскемен қаласында республикалық педагогтар олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» атты байқауға аймағымыздан 4 мұғалім қатысты.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық олимпиаданың басты мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру болып табылды.

Төрт кезеңде бақ сынасқан олимпиаданың қорытындысымен ІІ орынды – Қызылорда қаласы, №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі Жазира Тыныбек алды. ІІІ орынды – Арал ауданы №2 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Нұрхан Мұстафа, Қызылорда қаласы №198 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Айдана Жауғашарова ІІІ орын иемденді.

Тағы да оқыңыз: