Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары күнделікті өмірде нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді қолданудың ерекше әдісін ойлап тапты. Оқушылар «Менің өмірімдегі қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында өзлері пайдаланатын  шкаф-локерлерді отбасының өмірлік ұстаныма айналған мақал-мәтелдермен  безендірген.

Білім, ғылым, достық, еңбек және адамгершілік секілді түрлі тақырыптағы тәрбиелік мәні зор нақыл сөздер бүгінде мектептің ішкі келбетін ерекше әсемдей түскен.  Әрбір оқушы отбасымен бірге мақал-мәтелдердің шығу тарихын зерттей отырып, өздерінің өмірлік ұстанымдары ретінде  таңдап алған мақалдарды оқушылардың мектептегі жеке шкафтартарына іліп, өзгелерге таныстыруда.

«Бұл өте жақсы бастама. Себебі мақал-мәтелдер жастардың  тіл байлығын дамытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үйретеді.  Келелі ой мен кең мазмұнды нақыл сөздерді  өмірде қолдана біледі», – дейді жобаға қатысушы ата-ана Зауре Абуова.

Мектеп ата-аналарының белсендісі – Ақпановтар әулеті  «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» деген халық даналығын  ұран ретінде пайдаланады екен.  Олардың айтуынша жанұядағы келісім мен мейірім адам бойындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.

«Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – ол,  әрине, отбасы.  Анам мен әкем маған үнемі  қамқорлық көрсетіп, менің қызығушылықтарыма көңіл бөледі. Соның арқасында мен өмірде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, жан-жақты тұлға болып қалыптасудамын», – дейді 10-сынып оқушысы Нұрай Амангелді.

Тағы да оқыңыз: