Қызылордалық оқушы Президенттік олимпиаданың қола жүлдегері атанды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордалық оқушы Президенттік олимпиаданың қола жүлдегері атанды

25.11.2019, 9:20

402 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Дамир Денеев Теміртау қаласында өткен XII Президенттік олимпиадада жүлделі үшінші орынды иеленді.

Республикалық білім бәйгесінің іріктеу кезеңінде 200-ге жуық үздік оқушы қатысты. Әр өңірден  жиналған  мықтылар екі күн бойы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білімдерін шыңдады. 

11-сынып оқушысы Дамир Денеев олимпиадада Назарбаев Зияткерлік мектептер құрама командасының намысын қорғап,  нәтижесінде жеңіс қоржынын қола медалімен толықтырды.

– Олимпиадада химия, биология, физика және математика пәндерінен білімдеріміз бағаланды.  Тапсырмалар жоғары дәрежелі және күрделі болды. Барлық пәндерден орташа ұпай санын жинап, жеңімпаздар үштігіне кіре алдым, – деп, қуанышымен бөліскен Дамир олимпиадаға дайындаған ұстаздарына алғысын бірдірді.

Дамир мектептегі білім деңгейі жоғары, өте дарынды оқушылардың қатарынан. Мектепке түсу емтиханында ең жоғары көрсеткіштермен ерекшеленді. Сонымен қатар, жас зияткер химия пәнінен желілік және республикалық олимпиадаларында жақсы нәтижелелер көрсетіп келеді.

– NIS – жетістікке жеткізген өмірімдегі алғашқы баспалдақ. Осы жерде білім шыңдарын бағындыруды үйрендім, – деді Дамир. Мұғалімдердің арқасында ғылымда үлкен жетістіктерге қол жеткіздім.  Жан-жақты дамыған және заманауи мектептің оқушысы болғанымды  мақтан етемін.

0

Пікір қалдыру