**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Дамир Денеев Теміртау қаласында өткен XII Президенттік олимпиадада жүлделі үшінші орынды иеленді.** Республикалық білім бәйгесінің іріктеу кезеңінде 200-ге жуық үздік оқушы қатысты. Әр өңірден  жиналған  мықтылар екі күн бойы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білімдерін шыңдады.  11-сынып оқушысы Дамир Денеев олимпиадада Назарбаев Зияткерлік мектептер құрама командасының намысын қорғап,  нәтижесінде жеңіс қоржынын қола медалімен толықтырды. > _– Олимпиадада химия, биология, физика және математика пәндерінен білімдеріміз бағаланды.  Тапсырмалар жоғары дәрежелі және күрделі болды. Барлық пәндерден орташа ұпай санын жинап, жеңімпаздар үштігіне кіре алдым, – деп, қуанышымен бөліскен Дамир олимпиадаға дайындаған ұстаздарына алғысын бірдірді._ Дамир мектептегі білім деңгейі жоғары, өте дарынды оқушылардың қатарынан. Мектепке түсу емтиханында ең жоғары көрсеткіштермен ерекшеленді. Сонымен қатар, жас зияткер химия пәнінен желілік және республикалық олимпиадаларында жақсы нәтижелелер көрсетіп келеді. > _– NIS – жетістікке жеткізген өмірімдегі алғашқы баспалдақ. Осы жерде білім шыңдарын бағындыруды үйрендім, – деді Дамир. Мұғалімдердің арқасында ғылымда үлкен жетістіктерге қол жеткіздім.  Жан-жақты дамыған және заманауи мектептің оқушысы болғанымды  мақтан етемін._