Қызылордадағы Назарбаев мектебінің оқушылары ағылшын тілінен халықаралық емтиханда ең жоғарғы нәтиже көрсетті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордадағы Назарбаев мектебінің оқушылары ағылшын тілінен халықаралық емтиханда ең жоғарғы нәтиже көрсетті

10.12.2019, 16:40

560 0

Kyzylorda-news.kz. IELTS халықаралық емтиханында Қызылордадағы Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушылары  жоғары нәтижелерге қол жеткізді, оның орташа ұпайы 6,3 балды құрады. 101 оқушының екеуі 8,0 ұпай  жинаса, 11-і – 7,5 және 14-і –7,0 ұпайды растады. 

Айта кету керек, биылғы оқу жылы түлектерінің IELTS нәтижелері өткен жылмен салыстырғанда 6,0-ден 6,3 ұпайға артты. Саодат Құрманаева,  Аида Енсебаева және Дильназ Еркемблан жекелей секцияларда ең жоғары 9,0 ұпайды көрсе алды.

Негізінен аталмыш емтиханның шет мемлекетте ақысыз білім алу үшін маңызы зор. IELTS нәтижесі қаншалықты жоғары болса, соншалықты деңгейде шетелдің беделді оқу орындарында білімдерін жалғастыруға және жұмысқа сәтті орналасуға мүмкіндіктері бар.

0

Пікір қалдыру