Қызылордадағы «Ақмешіт» институты жұмысын тоқтатуы мүмкін бе? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордадағы «Ақмешіт» институты жұмысын тоқтатуы мүмкін бе?

08.11.2019, 10:20

412 0

Kyzylorda-news.kz. Қараша айының соңына дейін еліміздегі 10 ЖОО-да тексеру жүргізілетін болады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, профилактикалық бақылау және бұрын-соңды анықталған бұзушылықтар аталған тексеру жұмыстарының негізі болып табылады.

Бүгінгі таңда 3 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары аяқталуда. Атап айтсақ, бұл «Қайнар» академиясы, Қызылордадағы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты және «Азаматтық авиация» академиясы.

«Бұл оқу орындарынан заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салу және білім беру қызметі бойынша лицензияның қолданылуын уақытша тоқтату арқылы әкімшілік істер қаралатын болады», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қараша айының соңына дейін еліміздегі 7 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары жүргізіледі.

0

Пікір қалдыру