[**Kyzylorda-news.kz.**](https://kyzylorda-news.kz/) **Қараша айының соңына дейін еліміздегі 10 ЖОО-да тексеру жүргізілетін болады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.** Ведомствоның мәліметінше, профилактикалық бақылау және бұрын-соңды анықталған бұзушылықтар аталған тексеру жұмыстарының негізі болып табылады. Бүгінгі таңда 3 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары аяқталуда. Атап айтсақ, бұл «Қайнар» академиясы, Қызылордадағы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты және «Азаматтық авиация» академиясы. > _«Бұл оқу орындарынан заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салу және білім беру қызметі бойынша лицензияның қолданылуын уақытша тоқтату арқылы әкімшілік істер қаралатын болады», – делінген министрлік таратқан хабарламада._ Қараша айының соңына дейін еліміздегі 7 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары жүргізіледі.