Kyzylorda-news.kz. Аймағымызда жалпыұлттық «BIRGEMIZ: BILIM» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорымен меморандумға отырды.

​«BIRGEMIZ: BILIM» жобасының мақсаты – өңіріміздегі ауылдық орта білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушыларына (8-11 сынып) қосымша дайындық сабақтарын ұйымдастыру болып табылады.

Жобаға волонтерлар, қоғамдық ұйымдарының белсенділері, білікті мамандар, кәсіби мұғалімдер және студенттер қатыса алады.

​Жоба аясында ҰБТ-ге арналған дайындық сабақтары, олимпиядаларға және ғылыми-интеллектуалды байқауларға қатысуға арналған қосымша сабақтар, компьтерлік сауаттылық бойынша қосымша сабақтар, құқықтық сауаттылық және ағылшын тілін үйрету бойынша дайындық сабақтары жүргізіледі.

​Қосымша ақпаратты «BIRGEMIZ: BILIM» жобасының орталығы – «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорынан білесіздер

Байланыс телефоны: +7 747 486 03 04.

Тағы да оқыңыз: