Қызылордада техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері талқыланды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері талқыланды

03.03.2021, 10:20

386 0

Kyzylorda-news.kz. Облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымованың төрағалығымен техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері қаралды. Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов пен өңірдегі колледж директорлары шақырылды.

Мәжілісте колледж басшылары «Жас маман» жобасының жүзеге асырылуы, колледждердің жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне енгізу бағыты, техникалық және кәсіптік, орта буын мамандықтарының жаңа жіктеуіш арқылы жұмысты жандандыру мәселелеріне қатысты ой бөлісті.

Басқарма басшысы Ақзира Қасымова бүгінгі нарық талабы техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлау мәселесіне деген көзқарасты түбегейлі өзгерткенін атап өтіп, бұл бағытта бірқатар жобалардың тиімділігіне қарай жұмыс қажеттігін алға тартты.

«Кәсіптік білім беру жүйесін дамыту үшін білім берудің мазмұнын жаңғырту, құрылымын өзгерту және оқу орындарының материалдық-техникалық базаларын жабдықтау қолға алынды. Сонымен қатар, Worldskills халықаралық талаптарына сәйкес кадрлар даярлау, дуальды оқыту, модульдік білім беру, жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламаларын енгізу, «Жас маман» жобасын іске асырдық. Мәселен, өткен жылы өңірімізде 4 колледж, биыл 5 колледж, барлығы 9 оқу орыны жүзеге асыруда»,-деді Ақзира Қасымова.

Айту қажет, 4 оқу колледжге қажетті құрал-жабдықтар жетікізілген. Жоба аясында 65 инженер-педагог біліктілігін арттырып, арнайы сертификатқа ие болды. Ал, 2021 жылы жобаны жүзеге асырушы 5 колледж бойынша өңірлік комиссияның шешімі негізінде мамандар даярлау бағыттары айқындалып, алынатын құрал-жабдықтардың тізбесі бекітілді.

Кеңейтілген жиында басқарманың бөлім басшысы Бекжан Есенбаев қайта жаңартылған мамандықтар жіктеуіші бойынша негізгі басымдықтарды атап өтті.

«Мәселен, бұрынғы мамандықтар мен біліктіліктер сыныптауышында 279 мамандықтың 1615 біліктілігі болса, ал жаңа сыныптауышта 226 мамандықтың 660 біліктілігі көрсетілген. Осы ретте, оқу орындарындағы бірнеше мамандықтар мен біліктіліктер бойынша алдағы уақытта кадрлар даярлау жүйесі тоқтатылады деген сөз. Сондықтан, бүгінгі күннен бастап, оқу орындары жаңа сыныптауышқа байланысты қандай мамандықтар мен біліктіліктер бойынша мемлекеттік лизенцияларды қайта рәсімдеу керек, қандай жаңа мамандықтар ашуға мүмкіндіктер бар, осы бағыттағы жұмыстарды жедел атқарулары қажет»,-деді Бекжан Есенбаев.

0

Пікір қалдыру