Қызылордада облысындағы 40 мектепте инклюзивтік кабинет ашылады – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада облысындағы 40 мектепте инклюзивтік кабинет ашылады

31.01.2020, 11:00

563 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында инклюзивті балаларға жағдай жасау бағытында келелі жұмыстар бар. 2020-2022 жылдарға арналған Жол картасын бекіту туралы шешім қабылданды. Осы жылдың өзінде мектептерге 48 штат бірлікте арнайы педагогтар бөлінді, арнайы педагогтар ерекше балаларға оқу бағдарламасын үйренуге көмектеседі.

Облыстық білім басқармасының дерегінше Қызылордада 40 мектепте инклюзивтік кабинет ашылады. Ал Байқоңыр және Қызылорда қаласында аутист балаларға арналған арнайы инклюзивті қолдау кабинеттері жұмыс істейді. Барлығы 3 жыл ішінде әр түрлі бұзылулары бар балаларға арналған 126 инклюзивті кабинеттер ашылмақ.

Инклюзивті кабинеттер осы кезге дейін Қызылорда қаласынан ашылған. Ал, 2018 жылы аутист балаларға арналып ашылған инклюзивті қолдау кабинеттері бірнеше айдан кейін оң нәтиже берді. Бүгінгі таңда 28 балабақшада арнайы және инклюзивті топтар бар.

0

Пікір қалдыру