Қызылордада облыстық олимпиада жеңімпаздары марапатталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада облыстық олимпиада жеңімпаздары марапатталды

08.01.2020, 10:40

1008 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталып, жеңімпаз оқушылар марапатталды. Үздіктерді облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова марапаттап, оқушылардың білім сынындағы жетістіктеріне тоқталды.

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 9- 10 -11 сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10-11 сынып оқушылары білімдерін сынады.

Олимпиадаға 337 оқушы 13 пән бойынша қатысты. Үздік танылған 161 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Сонымен, І орын – Алтын медаль иегерлері – 22 оқушы, ІІ орын – Күміс медаль иегерлері – 50 оқушы, ІІІ орын – Қола медаль иегерлері – 89 оқушы.

Білім сынында үздік командалар марапатталып, арнайы номинация иегерлері де анықталды. Олардың қатарында І дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда – 2020» – №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты, ІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда – 2020» – Қызылорда қаласы, ІІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда – 2020» – Қармақшы ауданы лайық деп танылды. Ал, «Ең үздік қала мектебі – 2020» – Үш тілде оқытылатын мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебі, «Ең үздік ауыл мектебі – 2020» – Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицейі, «Олимпиада жұлдызы – 2020» номинациясымен №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Ким Артем марапатталды.

0

Пікір қалдыру