Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы өңірде бастау алған патриоттық акцияға үн қосып, бір мезетте мемлекеттік Гимнді орындады.

Еліміздің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін басты символдар – Елтаңба, Ту және Гимн әрбір азаматтың жүрегінде ерекше орын алады. Оны аса құрметпен қадір тұтып, қастерлеу өз Отанына деген адалдықтың белгісін көрсетеді.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу және туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған онлайн-акциясына мектептің әкімшілік қызметкерлері, педагог-кураторлары, медициналық мамандар қатысып, «салтанатты әнді» асқан шабытпен шырқады. Сондай-ақ, шарадан мектептің шетелдік ұстаздары да қалыс қалмай, мемлекеттік нышандарға деген ерекше құрмет үлгісін көрсете білді.

«Қазақстанда жұмыс жасап жатқаныма бірнеше жыл болды. Бұл жер менің екінші үйімдей болып кеткен. Елдің барлық ұлттық және мемлекеттік мерекелерін әріптестеріммен бірге атап өтемін», – оқытушы дейді Стэфан Отиено.

Шара соңында қатысушылар қолдарына көк туды ұстап, өзгелерді еліміздің басты байлықтарын қастерлеуге және құрметтеуге шақырды.

Тағы да оқыңыз: