Kyzylorda-news.kz  «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысы бойынша Жол картасының орындалу барысы туралы республикалық «Ұлт саулығы» қоғамдық кеңесінде баяндалды.

Кеңес отырысына облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы партия фракциясы жетекшісі Төрешова Ләйлә Бегалықызы қатысып, республикалық Жол картасының біздің өңіріміз бойыншы іске асырылуына түсіндірме берді.

Отырыста аймақтық қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттағы партия фракциясы мүшесі Әмитов Нұридин Егенбердіұлы өңірлік жол картасында «Әлеуметтік бағдарланған аймақ» бағытының Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарланған 8 индикаторына тоқталып, атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.

Атап айтсақ, Арал және Жаңақорған аудандарында 2 компьютерлік томография аппаратының мемлекеттік сатып алу үрдісі өткізіліп, жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, медицина кадрларының жетіспеушілігін төмендету мақсатында 2021 жылы облыс әкімінің гранты бойынша М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті мен С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеттеріне бакалавриатқа 30 грант тағайындалды және резидентурада оқытуға 20 грант бөлініп, жас мамандар білім алуға жолданды.

Қоғамдық кеңес отырысында әрбір атқарылған жұмысқа талдау жасалып, алдағы іске асырылатын шаралар пысықталды.

Тағы да оқыңыз: