Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда өңірінде мектеп оқушылары ІІІ оқу тоқсанын бастады. Бұл оқу тоқсанында 80636 бала дәстүрлі форматта білім алатын болады. Ал, 89258 бала қашықтан оқу форматында білімін жалғастырады.

Алгоритмге сәйкес, жаңа оқу тоқсанында 1-5 сыныптар үшін кезекші топтар жұмыс істейді. Ал, бала саны 300-ден аспай мектептерде оқу дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. Ал, 6, 7, 8, 10 сыныптардағы балалар қашықтан оқиды.

Қаңтар айында басталған ІІІ оқу тоқсанындағы басты ерекшелік 9,11-сынып оқушылары мектепке барып оқиды. Бүгінгі күні 9-сыныпта 13242 оқушы білім алса, 11-сыныпта 7002 оқушы оқиды. Бұл сыныптарда балалар негізгі пәндерді, яғни қорытынды емтихан мен ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі міндетті компонентті пәндер бойынша білім алады. Яғни, пәндердің 70 пайызы – дәстүрлі форматта, 30 пайызы қашықтан оқытылатын болады.

Айта кетейік, Қызылорда облысында 301 мектеп бар. Онда 169894 бала білім алады.

Тағы да оқыңыз: