Қызылорда облысының кітапханашылары бас қосты – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда облысының кітапханашылары бас қосты

27.01.2020, 16:20

547 0

Kyzylorda-news.kz. Кітап оқу мектеп оқушыларының тұлғалық құзіреттілігін қалай дамыта алады? Бұл сұрақ бойынша бүгін аймақтағы орта білім беретін мектептердің кітапханашылары өзара талқылау жүргізіп, шешу жолдарын қарастырды.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапхана қызметі мен мектеп жатақханасының оқытушылары бірлесіп ұйымдастырған кезекті облыстық семинарда көптеген жобалар арқылы оқушылардың ақпараттық және танымдық дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар көрнекі оқулықтар балалардың шығармашылығын қалай дамыта алатыны туралы сөз қозғап, білім алушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған ойын тформатындағы тың әдістерімен таныстырды. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар ZipGrade онлайн қосымшасы арқылы оқырмандарға тест тапсырмаларын дайындау тәсілдерін меңгерді.

Айта кету керек, бұл семинарға Жалағаш, Арал, Қазалы, Жаңақорған және Шиелі аудандарынан барлығы 30-дан астам мектеп кітапханашылары қатысып, заманауи кітапхананың жаңаша қызметі аясында білімдерін толықтырды.

0

Пікір қалдыру