Қызылорда облысының бас педагогы директорларға сабақ өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда облысының бас педагогы директорларға сабақ өтті

15.11.2019, 18:20

588 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білім беру орындарында стратегиялық жоспар құрудың ерекшелігі мен әдістемесі» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Тренингке білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, әдіскерлер, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері шақырылды. Барлығы 80-ге жуық педагогикалық құрам қатысты.

Басқосуда білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова білім саласындағы әрбір мектепті басқарудың стратегиялық жоспарларын қалай жасау керек, креативті идеяларды іске асыруда неге мән беру керектігін айтып, тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері білім беру ұйымын басқарудағы негізгі әдістемелерге байланысты сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты. Ұсыныстары мен идеялары тыңдалды.

Айта кету керек, директорлар мен балабақша меңгерушілеріне арнап стратегиялық басқаруды үйрету тәжірибесі аймақта алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

0

Пікір қалдыру