Kyzylorda-news.kz. Қашықтан оқыту жағдайында оқушылар бөлімдік жиынтық бағалау (БЖБ), тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) тапсырады. Қызылорда облыстық білім басқармасы оқушылар мен ата-аналар білуі тиіс талаптарды ұсынды.

БЖБ және ТЖБ өтілген оқу сабақтары негізінде әзірленеді. Яғни оқу материалынан тыс сұрақтар болмайды.

Әрбір педагог тапсырманы өзі құрастырып, бағалаудың өлшемшартын өзі әзірлейді.

БЖБ және ТЖБ 1-4 сынып үшін 2 тапсырмадан артық болмауы керек, ал 5-10 сыныптар үшін 5 тапсырмадан артық болмайды.

БЖБ және ТЖБ тапсырмалары оқушыларға электронды ресурстар арқылы жіберіледі
(эл/почта, электронды күнделік,
whats app желілері)

БЖБ тапсыруға 20 минут, ТЖБ тапсыруға 40 минут беріледі. Ал, 1-4 сынып оқушыларына уақыт шектеуі жоқ.

Аптасына 2 және одан көп сағатты құрайтын пәндер үшін БЖБ 4-11 мамыр аралығында өтеді.

Аптасына бір сағатты құрайтын пәндер үшін БЖБ 11-15 мамырда өтеді.

1-10 сыныптардағы ТЖБ, 11 сыныптағы бақылау жұмысы 18-22 мамыр кезеңінде өтеді.

Бір күнде оқушылардан 3 жиынтық жұмысы ғана алынады.

Интернетке мүмкіндігі жоқ елді мекендерде тапсырмалар қағаз түрінде санитарлық талаптар сақтала отырып оқушылардың үйлеріне жеткізіледі.

ЕСКЕРУ КЕРЕК: Ата-аналар, оқушылар БЖБ және ТЖБ-ға арналған кестелер әр мектептің фейсбук парақшасына орналасады. Сонымен бірге whats app желісі арқылы әр педагог әр сыныпқа жеке жолдайды.

Тағы да оқыңыз: