Қазақстанда ЖОО қашықтықтан білім беру жүйесін тоқтатады – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстанда ЖОО қашықтықтан білім беру жүйесін тоқтатады

29.07.2021, 16:20

1681 0

Kyzylorda-news.kz. Қыркүйектен бастап еліміздегі жоғары оқу орындары қашықтықтан білім беру жүйесін тоқтатады, деп хабарлайды Qazaqstan ұлттық арнасы. 

Жаңа ережеге сәйкес медицина, педагогика, заң, әскери іс, ветеринария, авиация, құрылыс саласының болашақ мамандары тек күндізгі бөлімде білім алады.

“Көптеген сұрақтар туындап жатқаны белгілі. Әрине, жұмыс істеп жатқан студенттерге ығайсыз болып жатқаны анық. Көзқарастарын да сұрап жатырмыз. Сабақ кестесін қалай құрған дұрыс. Бірнеше нұсқасын әзірледік. Оны студенттерге таныстырдық”, – дейді Kozybayev University академиялық мәселелер бойынша басқарма мүшесінің м.а. Жанар Таласпаева.

Бүгінгі таңда екі сабақ кестесін қабылдауды жөн көріп отырмыз. Студенттерге 5 апталық сабақ кестесін қоюды қарастырып отырмыз. 1-семестрде 5 апта университет ішіне келіп оқу керек. 5 аптаның 2 аптасы мектептегі каникул уақытын қамтиды. 

Петропавлдағы Қозыбаев университетінің студенттері мұндай өзгеріске наразы. Өйткені оқу ақысы екі есе қымбаттайды және қызмет етіп жүргендерге жұмыстан шығуға тура келеді. Қашықтан оқып жатқан 800-ден астам адамның көпшілігі ауылдық жерлерде тұрып жатыр. Студенттер оқу орнының ректорына петиция жолдамақ. Олар бастапқыда жасалған келісімшартқа сәйкес қашықтықтан оқу форматын өзгертпеуді талап етіп отыр.

“Біз оқып жүрген бөлімнің жабылайын деп жатқанын кездейсоқ білдік. Диплом алуға 2 жыл ғана қалды. Өзім ауыл мектебінде мұғаліммін. Кішкентай балам бар. Бірге қазір таңдау жасауға тура келеді: жұмыс істеу немесе оқу. Жұмыстан шықсақ, оқу ақысын қалай төлейміз? Құны жылына 400 мың теңге болады. Бізге бастаған оқуымызды қашықтықтан аяқтауға мүмкіндік берілсе дейміз. Әйтпесе төлеген ақша мен уақыт зая кеткелі тұр”, – дейді студент Евгения Қылышбекова.

0

Пікір қалдыру